$ 443.85  474.3  4.8

БҚО-ында жол-көлік апатынан жүкті әйел іштегі сәбиімен бірге көз жұмды

Көлік апаты «Орал-Атырау» тас жолында болды, деп хабаралйды «Мой город».

Акжайық ауданының Базар Шолы ауылынан Орал қаласына бағыт алған «Лада» автокөлігі салонында жүргізушімен қоса бес адам болған.

«Көліктің жүргізушісі оқиға орына келген фельшерлерге бұл жайттың қалай болғанын өзі түсінбей отырғанын мәлімделі. Ол сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Есін жиналмай, тек жол жиегінен төмен қарай түсіп кеткені ғана есте қалған» делінген хабарламада.

Көлік апаты орнында 22 жасар аяғы ауыр келіншек мерт болды. Әйел адам көлік ішінде отырған жолаушылардың бірінің жұбайы болып шықты. Жүктілік уақыты шамамен 30-шы жұма болған іштегі сәбиді дәрігерлер құтқарып қала алмады.

Жедель жәрдем көлігі оқиға орнынан тек үш адамды ғана алып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары