Күдікті Семей қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Семейде «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының басшысы ұсталды.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.