$ 443.37  474.49  4.83

Қостанай-Сарыкөл трассасында 2 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

Cотқа дейінгі тергеу басталды
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Қостанай полициясы «Қостанай-Сарыкөл» автожолында болған жол-көлік апатына қатысты мәлімет берді. 

Рolisia.kz-ке жарияланған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 28 шілде күні сағат 21:00 шамасында «Қостанай-Сарыкөл» автожолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде болған.

«ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Ол жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы болған, арасында жүкті әйел бар.

Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары