29.07.2023, 22:30

Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгерді

Фото: Pixabay
Жауапты ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Астанада төрт бағыттың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық көлік жүйелерінің мәліметінше, Астанада төрт автобус бағыты өзгерді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін No5, 5А, 6, 39 бағыттардың қозғалыс сызбасы уақытша ауысады.

Жауапты ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.