73 жастағы қария Сәрсенбай Қотырашев дүниежүзін жаяу аралауға бекініп, сапарға аттанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.
Мен қайтадан байланыстамын, достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. «Ештен кеш жақсы» демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім.
Соған байланысты кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет, - деп жазды саяхатшы.
Еске салсақ, ол Қазақстан өңірлерін 7 айда жаяу аралап шыққан.