31.07.2023, 01:30

Абай облысында екі ауыл таратылады

Фото: azattyq-ruhy.kz
Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;

- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде.

Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.