Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі бір келкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді, - делінген хабарламада.
Ұлытау облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді.