Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан қазақстандық турист көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Аланиядағы апаттан зардап шеккен жолаушылардың бірі бүгін таңертең ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқан ҚР азаматының ұлы бүгін Анталияға келді және қазір біздің дипломаттармен бірге. Оған бүкіл қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазылған ҚР СІМ хабарламасында.
Еске салайық,түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соғылған.