$ 494.87  520.65  4.91

Жазғы универсиадада ел құрамасының қоржынына тоғыз медаль түсті

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева екі жүлдеге ие болды.
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы төрт медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел құрамасынан садақшы Диана Тұрсынбек олимпиадалық садақ ату сайысында финалда оңтүстіккореялық Чой Ми Сунге 2:6 есебімен есе жіберіп қойды.

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева екі жүлдеге ие болды. Ол доппен ойын көрсету сайысында екінші орын алды.

Бірінші орын Венгрия спортшысына бұйырса, үздік үштікті болгариялық гимнастшы түйіндеді.

Эльжана құрсаумен сайыстың жекелей сынында қола медаль алды. Алдында Венгрия және Украина спортшылары тұр.

Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас (100 келі) қола жүлдеге қол созды.

Ол үшінші орын үшін сайыста франциялық Кенни Левезені тізе бүктірді.

Ел құрамасынан қола медальді шағын калибрлі винтовкадан ату шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Никита Шахторин, тез атылатын тапаншадан ату дисциплинасында Никита Чирюкин алды.

Сондай-ақ дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан, Асқар Нарқұлов қола медаль жеңіп алған еді.

Дүбірлі додада Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары