31.07.2023, 17:40

Универсиададан алғашқы алтын: Tаеквондошы Рита Бакишева чемпион болды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті.

 Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы өз салмағында финалда қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.

Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті.

Оның ішінде бір алтын, бес-бестен күміс және қола медаль бар.

Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.