$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев қаза тапқан мұғалімді ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады

Александр Руденко Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

 ІІ дәрежелі

Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары