$ 443.44  480.51  4.88

Белгілі геолог пен оның 2 баласы қайғылы жағдайда қаза тапты

Асқар Шаменов отбасымен жол апатына түсті.
фото: әлеуметтік желіден
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның геология саласының көрнекті өкілі Асқар Шаменов пен оның екі баласы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады ҚР ИИДМ Геология комитеті.

30 шілдеде Асқар Шаменов отбасымен жол апатына түсті. Асқар Амангелдіұлы, үлкен ұлы Әлішер мен қызы Алима алған жарақаттарынан қайтыс болды. Әйелі мен кіші ұлы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомство.

Министрліктен хабарлағандай, Аскар Шаменов көргені көп, тәжірибелі маман болған. «Жер қойнауын барлау үздігі», «Құрметті жер қойнауын барлаушы», III дәрежелі «Еңбек даңкы», III дәрежелі  «Кенші даңқы», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» секілді мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Ол Қазақстанның тау-кен саласында 20 жылдан астам еңбек еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары