$ 494.87  520.65  4.91

Егеуқұйрық уы, көгерген қабырғалар мен жағымсыз иіс – Бурабайдағы балалар лагеріндегі жағдай

Асхананың өзі тағам дайындайтын орынға ұқсамайды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Жақында сауна ғимаратында ашылған балалар лагері қазақстандықтарды дүр сілкіндірген еді. Ата-аналардың бірі түсірген видеода жартылай жалаңаш ер адамдар шомылып жүрді, бірақ автордың наразылығынан келушілер де, лагерь басшылығы да қысылмады.

20 шілдеден бастап Қазақстан прокурорлары мемлекеттік, жеке және шатырдағы балалар лагерлеріне кешенді тексеру жұмыстарын бастады.

ҚазАқпарат агенттігі мен Jibek Joly телеарнасының түсірілім тобы Ақмола облысының балалар лагерінде оқушылардың қалай демалып жатқанын көруді ұйғарды.

Ас үйдегі егеуқұйрық уы, 10 немесе одан да көп бала жатқан бөлмелердің көгеруі мен жағымсыз иісі – «Самұрық» балалар сауықтыру орталығындағы фототілші объективіне енген жалғыз көрініс емес.

Балалардың айтуынша, елордадан қонақтар келерде оларға нағыз мереке ұйымдастырылған – бассейнде жүзуге рұқсат берген, тіпті балмұздақ пен табиғат аясына шығу уәде етілген. Бірақ, оған дейін балаларды бөлмелерін тазартуға мәжбүрлеген, алайда әкімшілік балалар көмегімен антисанитария іздерінен арыла алмады.

Ғимараттағы дымқылдық, кір киімдердің және кәріздің иісі – бәрі араласып, қолқаны қабады, бірақ балалар бұл иіске үйреніп те кеткен секілді.

Далада бір корпустың маңына жиналған балаларды байқадық. Олар мұнда дүкен жұмыс істейтінін айтты. Лагерь аумағында бизнес нысаны болмауы керек. Алайда, лагерь иесі Гүлнар Әбуталипова бұл фактіге еш қысылған жоқ.

Асханаға барғанда одан да көп сұрақтар туындады. Ас үйде ашықтан-ашық жатқан егеуқұйрық уы тым тосын жағдай болды.

Асхананың өзі тағам дайындайтын орынға ұқсамайды: онда тамақ дайындауға арналған ыдыстың өзі жоқ. Балалар да мұнда нашар тамақтандыратынын айтып шағымданды, тіпті кейде суып қалған кешкі ас береді екен. Бірнеше күн бұрын олар қатты күріш жеуге де мәжбүр болған. Алайда, лагерь иесі балалардың бұл шағымын жаңа ортаға бейімделу процесіне сілтеді.

Балалардың айтуынша, осындай кешкі астан кейін бір қыз ауырып, медициналық пунктке жүгінген. Біз де медициналық пунктті көруге бардық, бірақ жұмыс орнында ешкім болған жоқ.

«Бұл қызды облыстық балалар ауруханасына апардық. Онда соқырішекке тән айқын белгілер болды. Өзім де түнде сол жақта болдым. Ол сынама тапсыру үшін ауруханада қалды», - деп жауап берді лагерь басшысы.

Арада 40 минут өтті, медбике сол күйі келмеді.

Тексеру тобындағы құқық қорғаушылар бұл лагерьдегі душ пен дәретхана тергеу изоляторын есе түсіргенін айтады. Септиктен шығатын жағымсыз иістен соң балалардың мұнда қалай шомылатынын ойлау қиын.

Жалпы, балалар рагері қараусыз қалған ғимаратта орналасқан секілді. Лагерь құрылған 1976 жылдан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегендей.

Кеңес дәуірінен қалған есіктер кілтпен жабылмайды, ауыстыруды қажет етеді, ал тұтқасы бүгін болмаса ертең түсіп қалардай күйде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары