$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында ірі есірткі зертханасы жойылды - ҰҚК

ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 шілдеде күні Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.

Тінту барысында 100 келіге жуық «а-PVP» психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. Цех 0,5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан.

ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары