Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала көз жұмды
Қарағанды облысында балалардың жаппай улануы: Бас прокуратура тергеуді бастады
Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді, - деді Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Тағы оқыңыз: Қарағандыда уланған балалардың қазіргі жағдайы қандай?
Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.
Бұған дейін дәрігерлер Қарағандыда жаппай уланған балалардың жағдайын айтқан еді.