01.08.2023, 20:30

Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан қуылды

Фото: adyrna.kz
Орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылған.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала көз жұмды

Қарағанды облысында балалардың жаппай улануы: Бас прокуратура тергеуді бастады

Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді, - деді Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда уланған балалардың қазіргі жағдайы қандай?

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.

Бұған дейін дәрігерлер Қарағандыда жаппай уланған балалардың жағдайын айтқан еді.