02.08.2023, 11:40

Шымкентте Білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

фото: inform.kz
Екеуі де 36 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Шымкент қаласында білім басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековтің ісі қаралды.

Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Екеуі де 36 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.