$ 494.87  520.65  4.91

Шавкат Рахмоновтың америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жегі өтпейтін болды

UFC турнирі 16 қыркүйекке жоспарланған еді.
коллаж: Azattyq Ruhy
коллаж: Azattyq Ruhy

Аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте өтуі тиіс UFC турнирінде америкалық Келвин Гастелуммен жұдырықтаспайтын болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Рахмонов пен Гастелум Лас-Вегастағы турнир аясында күресуі тиіс еді, алайда Келвин жаттығуда мұрнынан жарақат алып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Бұған дейін «олардың жекпе-жегі 21 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турниріне ауысуы мүмкін» деген ақпарат тарады. Гастелум төбелесті қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 295-ке ауыстыруды ұсынды.

MMAMania.com сайтының хабарлауынша, егер спортшылардың ешқайсысы жаңа күнге келіспесе, онда ұйымдастырушылар жарыс өтетін күнді өздері таңдауға мәжбүр. Бұл жағдайда Рахмонов Абу-Дабидегі PPV картасы аясында басқа қарсыласымен жұдырықтасуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары