Аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте өтуі тиіс UFC турнирінде америкалық Келвин Гастелуммен жұдырықтаспайтын болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Рахмонов пен Гастелум Лас-Вегастағы турнир аясында күресуі тиіс еді, алайда Келвин жаттығуда мұрнынан жарақат алып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Бұған дейін «олардың жекпе-жегі 21 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турниріне ауысуы мүмкін» деген ақпарат тарады. Гастелум төбелесті қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 295-ке ауыстыруды ұсынды.
MMAMania.com сайтының хабарлауынша, егер спортшылардың ешқайсысы жаңа күнге келіспесе, онда ұйымдастырушылар жарыс өтетін күнді өздері таңдауға мәжбүр. Бұл жағдайда Рахмонов Абу-Дабидегі PPV картасы аясында басқа қарсыласымен жұдырықтасуы мүмкін.