Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Екі қола жүлдеге Бексұлтан Қоскенов пен Әйгерім Төреханова ие болды. 2 тамызда Қоскенов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда қытайлық Ма Йигадан (0:2) жеңіліп, қола алды. Сол салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төреханова да жартылай финалда түркиялық Берне Тутқа жеңіліп қалды.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 13 медаль алды. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола бар.
Айта кетейік, жазғы универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.