«Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында апат болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі атап өткендей, екі астық қоймасына алдын ала ақпараттарға сәйкес найзағай тиген. Салдарынан екі бірдей қойма қирап қалған.
Бұл жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін Департаментпен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылатын болады. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады, - делінген ведомство хабарламасында.