02.08.2023, 22:30

Чемпиондар лигасы: Астана жарыс жолынан шығып қалды

Фото: instagram.com/fca.astana
«Астана» қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» «Динамо Загреб» (Хорватия) командасына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі кездесуде хорватиялық клуб сапынан Махир Эмрели 24, Антонио Марин 89-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша, «Астана» қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

Айта кетсек, 25 шілдеде өткен алғашқы кездесуде «Астана» аталған қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.