03.08.2023, 10:20

Шавкат Рахмонов жаңа қарсылас таңдады

Фото: instagram.com
Олар Камару Усман немесе Стивен Томпсонмен жекпе-жек сұрапты.

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Келвин Гастелум (18-8) жарақат алып қалғаннан кейін алдағы жекпе-жегіне басқа қарсылас іздеуде, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Джеймс Линчтің мәліметінше, қазақстандық файтердің менеджері қазіргі таңда лайықты қарсылас іздестіріп жатыр. Оның сөзінше, олар Камару Усман немесе Стивен Томпсонмен жекпе-жек сұарпты.