$ 442.05  474.14  4.74

«Тіркелу енді тегін емес»: отандық әуекомпаниялардың бірі тағы бір қызметін ақылы қылды

FlyArystan-да 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болады.
Фото:  FlyArystan
Фото: FlyArystan

Бүгіннен бастап FlyArystan әуекомпаниясы жолаушыларды тіркеу қызметін ақылы түрге ауыстырды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нақтырақ айтқанда, әуежайда тіркелу қызметін алдын ала онлайн сатып алу – ішкі рейстерге 500 теңге, халықаралық рейстерге 5 000 теңге(10 еуро).

Ал әуежайда тіркелу қызметін терминалда сатып алу – 1000 теңге. Ұшып шығу алдындағы төлеммен әуежай бағанасында тіркелу – ішкі рейстерге 1000 теңге, халықаралық рейстерге10 000 тенге (20 еуро). Онлайн тіркелу – тегін. Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келу керек, - делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу ашылады. Алайда да бұл бонустық кезең тек бір айға ғана созылады. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары