$ 441.66  475.14  4.86

Жамбыл облысында екі бала демалыс орнындағы бассейнге батып кетті

Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Жамбыл облысы Меркі ауданында демалыс орнында кәмелетке толмаған екі бала суға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 18:58-де Меркі ауданы Меркі ауылы Исмаилов көшесі 200 «Б» мекенжайында орналасқан «Big Family» демалыс аймағының аумағында болған.

Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз және демалыс аймағының құтқарушыларының назарынан тыс қалып, көше бассейнінде жүзу кезінде суға батып, оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары