04.08.2023, 17:20

Білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Фото: pixabay
Конкурс қорытындысы  Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.

Биылғы білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Конкурс қорытындысы  Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамыз сағат 12:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады, - делінген министрлік хабарламасында.