$ 441.66  475.14  4.86

Қостанай облысында балалар лагері аумағында сауна бар болып шықты

Прокурорлар тексеруді жалғастырып жатыр.
Фото: gb5kirov.ru
Фото: gb5kirov.ru

Қостанай облысының прокуратурасы балалар лагерінің аумағында жұмыс істеп тұрған сауна барын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының прокуратурасы Бас прокурордың тапсырмасы бойынша балалар лагерьлерінің қызметінде кешенді тексерулер жүргізеді. Тексеріс балалардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды.

Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерьлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері, перспективалық мәзірдің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі, балалар лагерінің аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы, шайындыларды зерттеу нәтижелері ішек таяқшасы тобының бактерияларын көрсетті. Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ балалар лагерінің аумағында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын орны бар бөлмелер табылды.

Прокурорлар тексеруді жалғастырып жатыр, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары