$ 524.58  551.91  4.93

Қызылорда облысында балалар лагерлерінің бірінде азық-түлікті дәретханада сақтаған

Балалар үшін жуынатын душ та жоқ.
Фото: Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қызылорда облысында прокурорлар тексеру жүргізу кезінде балалар лагерлерінде көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокурор жазғы каникулда балалардың қауіпсіздігін қорғау және бақылау мақсатында демалыс лагерьлерінің қызметін тексеруді тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес прокурорлар өңірдегі балалар лагерьлерін тексеру кезінде көптеген кемшілікті анықтаған.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, биыл білім беру органдары 8 мыңға жуық баланы балалар лагеріне жіберуді жоспарлаған. Оның ішінде бүгінде 3 мың 464 бала демалып үлгерген.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында балалар лагері аумағында сауна бар болып шықты

Прокурорлар Шиелі ауданында орналасқан «Сыр ұланы» лагерінің қызметін тексеру барысында азық-түліктің ескі дәретхана бөлмесінде сақталғанын және балалар үшін жуынатын душтың жоқ екенін анықтады. Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде суы лас бассейнде балалардың шомылуын ұйымдастырылғанын, сондай-ақ микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асханалық ыдыста ішек таяқшасын анықталған. Сырдария ауданындағы «Жалын» лагерінде төсек-орын жабдықтарын (матрастарды) дезинфекциялау және басқа да көптеген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Бұған қоса тексеру нәтижесінде лагерьлердің қазіргі жағдайы жақсы күйде емес екендігі белгілі болды. Лагерь ғимараттары ескі. Олардың кейбіреулері күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қазір уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың нәтижелері бойынша алдағы уақытта құзырлы органмен тиісті шаралар қабылданады, – деп мәлімдеді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл жұмыстар облыс прокуратурасының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары