$ 494.87  520.65  4.91

Орал қаласында ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

Оның Көкшетауда алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

29 шілдеде БҚО ПД «CyberPol» қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.

Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары