05.08.2023, 16:30

Бүгін Премьер-лиганың үш матчы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: kazfootball.kz
Астана уақытымен сағат 18:00-де «Жетісу» - «Қызылжар» кездеседі.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 18-ші турының үш ойыны өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Астана уақытымен сағат 18:00-де «Жетісу» - «Қызылжар» кездесуі, 19:00-де «Каспий» - «Ақсу» ойыны басталып, ойын күні сағат 21:00-де «Шахтер» - «Атырау» жекпе-жегімен аяқталады.

Матчтарды Qazsport және Q Sport League телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

18:00 - «Жетісу» - «Қызылжар» (мәтіндік хабар)

19:00 - «Каспий» – «Ақсу» (мәтіндік хабар)

21:00 - «Шахтер» - «Атырау» (мәтіндік хабар)