06.08.2023, 21:30

Әділбек Мусин Универсиада жүлдегері атанды

Фото: Instagram/mussin_adilbek
Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 20 медаль бар.

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиадада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан бәсекеде қазақстандық 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 52,03 секундта мәреге жетті.

Алтын және күміс жүлделерді поляк спортшылары алды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 20 медаль: 2 алтын, 7 күміс және 11 қола бар.