$ 443.37  474.49  4.83

Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерден қашып кетпек болды

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласында есірткіге масайған көлік жүргізуші тәртіп сақшыларына бой бермей, оқиға орнынан қашып кетпек болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға бүгін болған. Жергілікті полиция қызметі мамандандырылған батальонының экипажы Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта Lexus автокөлігін тоқтатады. Оның 1992 жылы туған жүргізушісі өрескел қылық көрсетеді. Өзін агрессивті ұстап, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіреді. Ол оқиға орнынан қашып кетпек болады.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жолын бұғаттап, ұстайды. Медициналық тексеруге алып барады. Сараптама нәтижесінде жүргізушінің есірткіге мас екендігі белгілі болады. Оған қатысты бірнеше бап, атап айтқанда, ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары