Алматыда есірткі дайындаумен айналысқан үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, бас айыпталушының көлігін тәртіп сақшылары Жандосов көшесінде тоқтатқан. 30 жастағы Е. есімді азаматтың көлігінен ерекше иісі бар кристалданған зат салынған сөмке табылды.
Ұсталған азамат өзінен тәркіленген зат мефедрон есірткі екенін мойындады. Ер адамның айтуынша, ол бұл шөпті достарымен бірге синтетикалық есірткі өндіру үшін ұйымдастырған уақытша зертханада жасаған. Зертхана Алматы облысы, Іле ауданы аумағындағы жалдамалы үйде орналасқан. Ғимаратты тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, шикізат пен сатуға дайын өнімдер табылды және тәркіленді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Айтуынша, «өндірушілер» есірткіні өздері таратқан.
Айтпақшы, тағы екі күдікті – 28 жастағы М. есімді азамат пен 29 жастағы С. есімді азамат Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері жасаған арнайы іс-шара кезінде қолға түсті, – деді полиция өкілі.
Дидар Ахановтың айтуынша, Қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі тергеп жатыр.
Сот-химиялық сараптама тағайындады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. Күдіктілер қамауға алынды, - деді ол.