$ 442.05  474.14  4.74

«Қауіпсіз ел»: Сәкен Сәрсенов Алматыда цифрлық қауіпсіздік шешімдерін талқылады

Кездесу барысында көлік операторының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын күшейту ұсынылды.
Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов Алматыда цифрлық қауіпсіздік шешімдерін талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында Алматы қаласының Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығында және қалалық Полиция департаментінде болып, жергілікті атқарушы орган және Алматы қаласының цифрландыру үдерісіне қатысатын жеке сектор өкілдерімен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қала тұрғындарына қызмет көрсетуді дамыту үшін полиция қызметін цифрландыру мәселесін талқылады.

Сәкен Сәрсенов әкімдіктің Ситуациялық орталығының жұмысы, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің жаңа аналитикалық функциясы, «Дабыл батырмасы» жобасының трансформациясы, сондай-ақ, әртүрлі нысандардағы бейнекамераларды бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосу мәселелерін талқылады.

Қауіпсіздік және қылмыспен күрес мәселелерінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану бұл бағыттың маңыздылығын айғақтайды. Полицияның алдын алу шаралары мен цифрлық жобалары құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті тиімдірек қамтамасыз етуге, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін, уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді – бұл цифрландыруға қатысушылардың барлығына мақсат қоюы тиіс басты нәтиже, – деді ол.

Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары «Алматының көлік холдингінде» болып, олардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық жобаларымен танысты.
Кездесу барысында көлік операторының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын күшейту ұсынылды.

Бүгінгі таңда енгізіліп жатқан барлық ақпараттық өнім қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, цифрландыру мәселесін жаңа, жоғары деңгейге шығарады, - деді С. Сәрсенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары