$ 495.2  522.34  4.94

Елімізде балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады

Оларға автоматты түрде тегін тамақ беру мәселесі сол арқылы шешіледі.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады. Себебі қазір мұндай жүйе әр қалада жеке істеп жатқандықтан, бармақ басты көз қысты әрекеттерге жол беріледі екен. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, қазір жауапты ведомство цифрлық даму министрлігімен бірігіп, база дайындамақшы. Сонымен қатар, ол жүйеде әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары да көрініп тұрады. Яғни, оларға автоматты түрде тегін тамақ беру мәселесі сол арқылы шешіледі.

Бұл қызметтің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін және сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуды қамтамасыз етеді. Отбасылық жағдайға байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа тәсілі пысықталып жатыр, – деді ҚР Оқу ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары