$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте жер үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Циалковский көшесінде болды.
Фото: Шымкент ТЖД
Фото: Шымкент ТЖД

Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Циалковский көшесінде болды. Өрт орын алған аумақта 100 шаршы метр ғимарат құлап, 60 шаршы метр алаңдағы сарай мен жолаушылар көлігі жанып кетті. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 және 38 жастағы тұрғындардың мәйіттері табылды.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары