$ 498.34  519.72  4.85

Оралда су қоймасында қайық аударылып, жас жігіт көз жұмды

Осылайша, демалыс күндері өңірде 5 адам суға кетсе, соның үшеуі – жасөспірім.

Орал қаласында су қоймасында қайық аударылып, жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 тамыз күні Желаев кентінде «Арна» демалыс аймағында болған.

«Карьер» су қоймасында 6 тамыз күні сағат 19.15-тен бастап жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол қайықпен серуендеу кезінде суға батып кеткен. Достарымен бірге демалған жігіт ішімдік ішпеген. Іздестіру жұмыстары 7 тамыз күні таңғы сағат 07.00-де қайта жалғасты. 20 жастағы жігіттің денесі сағат 09.12-де табылып, судан шығарылды, - деп хабарлады ведомстводан.

Осылайша, демалыс күндері өңірде 5 адам суға кетсе, соның үшеуі – жасөспірім.

Облыста аптап ыстықтың жалғасуына байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керегін еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары