$ 487.37  532.94  5.09

Елордада Хорватия елшісі қомақты қаражатын жоғалтып алған

Полицейлер елшінің жоғалған затын оның 52 жастағы көршісі тапқанын анықтады.
Фото: Depositphotos
Фото: Depositphotos

Елордалық полицейлер Қазақстандағы Хорватия елшісіне жоғалтқан ақшасын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 тамызда полицияға Қазақстандағы Хорватияның елшісі Рефик Шабанович көмекке жүгінген. Елорданың көпқабатты үйлерінің бірінде тұратын ол шетелдік валюталық қаражат салынған әмиянын жоғалтып алғанын айтып, көмек сұраған.

Затының жоғалғанын ол таңертең байқап, паркингке түсіп, өз бетінше іздеп көрген. Әмиянды тапқанда оның ішінде ақша болмаған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер елшінің жоғалған затын оның 52 жастағы көршісі тапқанын анықтады.

Әмияннан ақшаны алып, ол үйіне қарай бет алған. Пәтерінің алдында тәртіп сақшыларын көрген ер адам қаражатты бірден қайтарған. Ол ақшаны түнде тауып алғанын, оны полицияға таңертең тапсырмақ болғанын айтқан.

Полицейлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бұл ақшаны демалысыма жинаған болатынмын. Атқарған жұмыстарыңыз үшін рақмет, – деді Рефик Шабанович.

Полиция ҚР Азаматтық кодексінің 245-бабы, «Олжа» бойынша біреудің ұмытып кеткен затын тауып алған азамат оны иесіне қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндетті, әйтпесе заттың иесі оны ұрлық жасады деп айыптауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары