08.08.2023, 05:30

Әлемнің үздік боксшыларының рейтингі жаңарды

Фото: skysports.com
Бір ай ішінде алғашқы ондықта біршама өзгеріс болды.

BoxRec порталының нұсқасы бойынша салмақ санатына қарамастан үздік боксшылардың рейтингі ұсынылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Fightnews.info мәліметінше, бір ай ішінде алғашқы ондықта біршама өзгеріс болды: бірінші орынға жартылай орта салмақтағы жаңа абсолютті әлем чемпионы – америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КОs) орналасты. Ол бұл орыннан мексикалық бокс жұлдызы, ұзақ уақыт бойы рейтингінің көшбасшысы болып келген Сауль Альваресті (59-2- 2, 39 КОs) ығыстырды.

BoxRec нұсқасы бойынша боксшылардың pound-for-pound рейтингі:

1. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

2. Сауль Альварес (Мексика);

3. Дмитрий Бивол (Ресей);

4. Наоя Иноуэ (Жапония);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Джервонта Дэвис (АҚШ);

7. Шакур Стивенсон (АҚШ);

8. Девин Хэйни (АҚШ);

9. Эррол Спенс-мл (АҚШ);

10. Реджис Прогре (АҚШ).