Метеорологтар мәліметінше, 8-10 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр болып, найзағай ойнайды және тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, оған қоса дауылды жел күтіледі. Бұл ретте температуралық фонда ерекше өзгерістер күтілмейді. Алайда елдің батыс аймақтарында күн ашық және ыстық болады.
Бұған дейін Алматыда бір апта ішінде ауа райы қандай болатынын туралы мәліметті ұсынған едік. Болжамға сәйкес, еліміздің ең ірі қаласында апта бойы күн жаңбырлы болады деп күтілуде, алайда ауа температурасы +37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Ал Астанада алдағы жеті күнде күн ала бұлтты болады деп болжанады, ауа температурасы түнде +17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Шымкентте бір апта ішінде күннің ыстығы қайтып, ауа температурасы түнгі уақытта +18 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.