$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен полицей қамауға алынды

Тергеу барысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің қатаң бақылауында.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкентте анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында қаққан полиция қызметкері қамауға алынды. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасаған болатын.

Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол УҰИ-ға қамалды, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданаған.

Айта кетейік, тергеу барысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің қатаң бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары