Шымкентте анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында қаққан полиция қызметкері қамауға алынды. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасаған болатын.
Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол УҰИ-ға қамалды, – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданаған.
Айта кетейік, тергеу барысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің қатаң бақылауында.