$ 448.15  483.46  4.86

Ауа райының күрт нашарлауынан ОҚО-да жолдар жабылды

Ауа райының күрт бұзылуынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Өңірде жаңбыр жауып, кей жолдарда көктайғақтан жүру мүмкін емес.

Атап айтқанда, "Қошқарата - Жарықбас - Бірлік" тас жолының 77-ші шақырымынан 144-ші шақырымына дейінгі бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылған.

Синоптиктер болса алдағы үш күнде тек ОҚО аумағында емес, бүкіл республикада күннің суытатынын болжап отыр. Елдің басым аумағында қар жауып, боран соғады. Дауылды желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Дауылды ескерту Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында жарияланып отыр. Ал, Семейде күннің суытуынан бастауыш сынып оқушылары тағы да сабақтан қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары