Еуропа лигасы аясында «Астана» футбол клубы болгариялық «Лудогорецті» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есепті 34-минутта болгариялық клубтан Ноа Сундберг ашты. Ойынның 40-минутында елордалық клубтан Жарко Томашевич таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде «Астана» футболшысы Александр Марочкин мергендік танытып, қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Қарымта кездесу 18 тамызға қараған түні Разградта Астана уақытымен 00:00-де басталады.