09.08.2023, 10:20

«Қызбаңыз, Джеки Чан»: Жаңа Адамдар Көкшетау әкіміне жүгінді

Фото: видеодан скриншот
Бәлкім, Бауыржан Ғайса өз жұмысының мәнін түсінбей жатқан шығар?

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаның халықпен кездесуінде қала тұрғыны өзі тұратын үйді орталық канализацияға қосу туралы өтінішпен әкімге жүгінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғын әкімге: «Мен Құдайбердиев көшесіндегі 42-үйдің төрайымымын. Осыдан бұрын сізге бірнеше рет жүгінген болатынмын. Әкімдіктен көмек сұрап жүргеніме бір жыл болды. Бізді орталық канализацияға қосуға өтінеміз, біз қатты қиналып жүрміз. Мен бес баланың анасымын, бәрін өзім істеп жатырмын, арнайы көлік жалдаймын, ал көршілер қаржылай көмектеспейді, барлық шығынды өзім төлей алмаймын. Мердігер келіп: «Әкімдік қаражат бөлмейді», — деп айтқан. Одан басқа рұқсатыңызды бермейсіз. Не үшін осы мәселенің шешілуін созып жатырсыз? Біз не істейміз? Әйтпесе, мен көшеге шығып, қозғалысқа кедергі жасаймын», — деп айтқан. Көкшетау әкімі осы өтінішке байланысты: «Біз сендерге мүлдем қарыздар емеспіз», — деп жауап берген. 

42-үйдің тұрғындарының өмір шарттары орта ғасырдағы шарттарға тең келеді. Олардың күнделікті өмірінің ең басты құралына — орталықтандырылған канализацияға қолжетімділігі жоқ. Жазда да, қыста да, күзде де тұрғындар 24/7 далада зәр шығаруға мәжбүр болған. 

Әкім бірден: «Біз жеке дүкен емеспіз», — деп жауап берген екен. «Бүкіл шаралардың жүзеге асуы, кем дегенде, бір жыл уақытымызды алады! Сол себептен мәселені тез шешу мүмкін емес және әлі кішкене шыдауыңыз керек. Ал егер сіз бір нәрсені ұнатпасаңыз, онда: «Біз осы канализацияны жасауға мүлдем міндетті емеспіз», — деп ашуланған Бауыржан Ғайса. 

Осындай жағдай алғашқы рет туындаған жоқ. Алдында өртенген қоқыс алаңы апта бойы сөндірілген жоқ. Шағымдарды естіген әкім: «Түтінге шыдау керек» және «осы күндері түтін көп болған жоқ», - деген. Сонымен қатар тазарту қондырғыларынан келетін нашар иістер туралы шағымдарға: «Біз жұмыс істеп жатырмыз. Кешірім сұраймын, бірақ кішкене шыдау керек», — деген жауаптар берілген болатын. 

Бәлкім, Бауыржан Ғайса өз жұмысының мәнін түсінбей жатқан шығар? Әлде ол тұрғындардың мәселелерін шешуді өзінің басты міндеттерінің қатарына жатқызбай ма? Біз қашанға дейін шыдаймыз? 

Жаңа Адамдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін әкімнің есіне салғысы келеді: «Азаматтардың сенімі мен құрметіне ие болу үшін адал еңбек ету маңызды. Бұл барлық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты».

Ғайса мырза, егер сіз әлі де осы сөздерді жақсы түсінбесеңіз, менің сізге бір ұсынысым бар. Дәретханаңыздың есігін дәнекерлеңіз және сізге жүгінген тұрғындар орталық канализацияға қосылмайынша соларды пайдаланбаңыз. Қашанғы шыдайтыныңызды көрейік. Халық айтқандай: «Қызбаңыз, Джеки Чан, - дейді Жаңа Адамдар өкілі Мирас Ахметов.