$ 494.87  520.65  4.91

«Ешкімге кінә тақпаймын»: пойызда қайтыс болған баланың анасы

Баланың кішкентай кезінен дерті болған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

«Атырау-Астрахань» пойызында бала Святослав Цаплин қайтыс болған еді. Оқушының анасы баласы кіші кезінен ауыратынын жеткізді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

 «Атырау-Астрахань» теміржол бағыты бойынша «Қазақстан геологы» санаториясына (Железноводск) жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылған. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтаған.

Баланың анасы Тамара Цаплина баласы уланып емес, кіші кезінен дерті бар екенін айтады.

Адамдар уланып қайтыс болды дейді. Бұл-улану емес. Кішкентай кезінен оның тамырлары жарылып кететін. Сондықтан оның кеудесінегі тамыр жарылып кеткен. Облыс әкіміне және өзге қажетті жағдайлармен көмектескен адамдарға ризамын. Мен ешкімге кінә тақпаймын. Бұл кез келген адаммен болуы мүмкін, - деді Тамара Цаплина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары