09.08.2023, 15:40

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

фото: azertag.az
Жерасты дүмпуі 3,2 баллды құрады.

8 тамыз күні Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлады azertag.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының хабарлауынша, сағат 19:48-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы 62 шақырым тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулерінің күші 3,2 баллды құрады.