Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Алдын ала дерек бойынша, ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист.
Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен еді. Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді, - делінген хабарламада.
Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталып жатыр.