10.08.2023, 10:00

Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Фото: ktf.kz
Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды.

Монреальда өтіп жатқан ауыр турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Дженнифер Брэйдиді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, ойын 6:7 (3:7), 7:6 (7:5), 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды. 

Канададағы жарыстың үшінші кезеңінде Елена тағы бір америкалық Слоан Стивенспен (әлемнің 38-ракеткасы) ойнайды.