$ 439.43  473.31  4.82

Назарбаевқа өлең арнағаным жағымпаздық емес – Ауыт Мұқибек (ВИДЕО)

Ақындығымды саясатта пайданаландым.

Бүгінгі "Қасқа жол" YouTube арнасының қонағы Ауыт Мұқибек. Қоғам қайраткері, ақын. 1998 жылы Қытайдан Қазақстанға көшіп келген. Содан бері қандастар мәселесімен айналысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұхбат басында «қандастар Қазақстанға керек пе?» деген сұрақ төтесінен қойылды. Айтпақшы, ақын шеттен келген қазақтардың жағдайын жеткізу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа өлең арнаған.

Ауыт Мұқибектің жауабы дайын екен:

Ақындығымды саясатта пайданаландым, - дейді.

Оның айтуынша, БҰҰ – ең үлкен мінбер, ол кісі (Назарбаев-ред.) сол жерде қазақша сөйлеуі үшін 20 жыл жүгірді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мен қазақша сөйлеймін десе, ол кісінің (Назарбаев - ред.) жағдайы қандай болып кететінін бір құдай білетін еді. Сол жылдары менің қуанып жүрген кездерім болатын. Сол кезде шабытым келген болуы керек, түнде жазып, «Егемен Қазақстан»-ға, Ақордаға жібердім. Ол өлең Ақорданың сайтына шықты. Ауыт Мұқибек осындай өлең арнады деп. Менің өзіме қуаныш әкелді, - дейді ол.

Ол Тұңғыш Президенттің сал-саялы саясаттарының ішіндегі көші-қон саясатына құрметпен қарайтынын айтты.

Қалай деген де ол (Назарбаев-ред.) бастады, көш үзілген жоқ. Алтын дәуір деп айтып жатырмыз. Оны біз сияқты сырттан келген адамдар сезінеді. Көші-қон саясаты Назарбаевтың саясаты болды, - дейді ақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары